ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН СТАНДАРТ БАҒДАРЛАМАСЫ

Toyota National Geographic
Toyota National Geographic

Жаңа Toyota автомобилін сатып алуды кейінге қалдырмаңыз – рәсімдеуге ыңғайлы және қарапайым Стандарт кредиттік бағдарламаны пайдаланыңыз.

  • ОҢАЙ
  • ЫҢҒАЙЛЫ
  • ҚОЛ ЖЕТІМДІ

Заңды тұлғаларға арналған Стандарт бағдарламасы ҚР аумағында уәкілетті серіктестер мен Toyota ресми дилерлері іске асыратын жаңа Toyota автомобильдеріне қолданылады.

 

Бастапқы жарна Сыйақы мөлшерлемесі* Мерзімі
10% бастап 21% 12 - 60 ай

*ЖТСМ —  23.7% бастап. ЖТСМ-ні дәл есептеу қарыз алу сәтінде жүргізіледі.

  • Валюта — теңге
  • Өтеу әдістері: аннуитетті немесе сараланғанž
  • Сатып алынатын автомобильге кепіл шартын жасасу - міндетті.

Заңды тұлғалар үшін құжаттар
тізбесі

Өтінімді қарастыру үшін ұсынылатын құжаттар

1) Құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттар:

• Барлық енгізілген өзгертулер
мен толықтырулармен жарғы;
• Бірінші басшыны тағайындау
туралы шешім.

2) Жеке куәлік:

• Құрылтайшылар;
• Директорлар.

3) Ағымдағы шоттар бойынша орташа айлық айналымдар туралы қызмет көрсететін банктерден анықтамалар.

4) Қаржылық есептілік (салықтық
және басқарушылық) — e-mail арқылы менеджер сұратады.

5) Дилерлік орталықта толтырылатын құжаттар:

• Сауалнама-өтініш;
• Кредиттік тарих субъектісінің
кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге және ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімі;
• «Еңбек ресурстарын дамыту
орталығы» АҚ-нан зейнетақы аударымдары туралы ақпарат алуға келісім/бас тарту;
• Дербес деректерді жинауға және
өңдеуге дербес деректер субъектісінің(субъектілерінің) келісімі.

Өтінім мақұлданған жағдайда
қосымша ұсынылатын құжаттар

 — Заңды тұлғаның шешім қабылдағанын растайтын құжаттар, оның ішінде қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу кезінде:

• Қаржы құралын тарту туралы;
• Нақты адамға қажетті шарттар жасасуға өкілеттік беру туралы;
• Басқа шешімдердің қабылданғанын растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда).


Маңызды: көрсетілген тізім сіздің өтінішіңізді қарастыру үшін құжаттардың минималды тізімі болып табылады. Қаржы-шаруашылық қызметке толық талдау жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттар мен анықтамалар қажет болуы мүмкін.

  • Автомобиль белгілі бір сақтандыру компаниясында КАСЖБ (КАСКО) бағдарламасы бойынша сақтандырылуы тиіс.
  • КАСЖБ (КАСКО) полисінің құны (барлық қарыз алушылар үшін міндетті) қарыз сомасына қосылуы мүмкін.
  • АҚЖМС полисінің құны (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру) қарыз сомасына енгізілуі мүмкін.

  • Мерзімінен бұрын өтеу (толық немесе ішінара) — шектеусіз.